"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бақытты балалық шақ» сынып сағаты

28.11.2019

 «Бақытты балалық шақ»

 

Сабақтың мақсаты: Балалық балдырған шақтың қызықтарын балаларға

түсіндіру.Ой-өрістерін, ойлау логикаларын дамыты,

сөйлеу тілдерін жаттықтыру

 

Тәрбиелік мақсаты:  Балаларды жақсылыққа, инабаттылыққа ата-анаға

мейірімді болуға, туған жерге  айналадағы заттарға

ұқыпты болуға тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Бөлме шарлармен, гүлдермен безендірілген.

 

І. Ұйымдастыру

 

Жүргізуші:Құрметті балалар «Бақытты балалық шақ»

аты тәрбие сағатымызға бастауға рұқсат етіңіздер.

Құттықтау сөз  мектебіміздің психологы

 Искакова А.А. беріледі.

 

Жүргізуші:  Балдаурен -балалықтың балғын күні,

Балдаурен- қуаныш пен  шаттық үні.

Балдаурен бақыт кешкен балдырғаның,

Жайраңдап қырда ашылған қызыл гүлі-

деп кешімізді жалғастырамыз.

 

Ән ұран «Менің қазақстаным»

 Жүргізуші: « Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы

Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі,

ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір!

«Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз

айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға

айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз

желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал

ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі

ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір

қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен

қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді

мүмкінділігіше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады.

Балалар сендер өздеріңді не үшін бақытты балдырғанбыз деп

ойлайсындар?

 Оқушы: Біздер өзімізді бақытты балдырғанбыз деп санаймыз, өйткені біздің

сүйікті отанымыз, қасиетті ана тіліміз, ардақты да аяулы ата –

анамыз бар. Осының бәрін ардақтай білуге, біздің алтын ұя

мектебіміз бен аяулы ұстаздарымыз үйретті.

 

 

Жүргізуші:

 

Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді,

загрузка...

Не деп барып жеу керек?

Барлығы: «Рахмет апа» деу керек.

 

                       II      Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу-айқай.

Сенде шықтың көршіңді,

қағып кеттің байқамай.

Мұндайда не деу керек?

Барлығы: «Кешіріңіз» деу керек.

 

                      III     Осы келген бетіңде,

Допты қүдың жарыстың.

Көшенің сол шетінде,

Кезекті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді?

Барлығы: «Сәлеметсіз бе » деу керек.

 

                      IV       Үй артында қоқысты,

Жатқан көптен үйіліп.

Тазалайды қарт кісі,

Белі зорға иіліп.

Не дегенің жөн еді?

Барлығы:«Көмектесейін» деу керек.

 

 

Жүргізуші: Біз көңілді ұланбыз,

Би билейміз бұландап.

Бақытты елде туғанбыз.

 

Жаз гүліндей жайраңдап-деп кезекті:« Көбелек »биі

Қабдени Айдана

 Жүргізуші: «Мақал сөз атасы»

 

 Оқушы: Адамдықтың белгісі- иіліп сәлем бергені.

 

Оқушы: Жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік.

 

Оқушы: Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

 

 Оқушы: Аулақ жүріп, жаман қылық, әдеттен

Үйренеміз жақсы мінез әдептен.

 Жүргізуші:Татар биі  Билейтіндер Ахылберген Жасмин,Айдосқызы Айым, Бақытжан Кәусар

 Жүргізуші:Ойын «Ауызша волейбол»

                   Ойының шарты: Сапқа тұрып допты бір-біріне берген

кезде, балдаурен балалық шақ, достық, адамгершілік

қасиеттері туралы сөздер айтулары керек, мысалы:

достық, бейбітшілік, шыншыл, ұстамды, әдепті,

жанашыр, мейрімді, адал, бақытты, қуанышты.т.б.

 

 Жүргізуші:Тыныштық баршамыздың ұранымыз,

Мәңгілік таусылмайтын жыр әніміз.

Арманның асқарына қанат қаққан,

Бақытты бейбіт елдің ұланымыз-дей

келе бүгінгі кешімізді аяқталды. Балалар сіздердің  балалық шағыңыздың қызықты күндері таусылмасын. Біз бүгін бүлдіршіндерімізге мықты денсаулық,оқуларына сәттілік тілеп, тіл алғыш зерделі болыңдар демекпіз.

Шара соныңда балаларды марапаттау, сыйлықтар үлестіру.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 28.11.2019 11:10
Құрылған күні: 21.02.2020 12:30

Текст