"Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Нұресіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Нуресиль отдела образования по Целиноградскому району управления образования Акмолинской области" 

Біз әлеум. желідеміз

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы

05.03.2020

Әл-Фараби-шығыстың ғұлама ғалымы
Білімділік: Оқушыларға Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл — Фараби өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан — жақты ерекше тұлға екенін таныстыру ;
Дамытушылық: Шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән — мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу;
Тәрбиелік: Оқушылардың бойынан туған жерге, еліне деген сүйіспеншілікті оятып, достық пен сыйласымдылық сезімдерін қадірлей білуге баулу,еңбекқорлыққа,білімділікке шақыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, түсіндіру арқылы ой қозғау, ізденіс, слайдтар, бүктемелер, тест тапсырмалары;
Көрнекілігі: Қазақ Совет энциклопедиясы, шығыстың ғұламалары туралы кітапшалар, саяси карта, ғалым туралы мұражай көрмесі, нақыл сөздер.
Сабақтың пәнаралық байланысы: Қазақ әдебиеті,Тарих,Математика, Ән-саз, Экономика, Медицина саласы

1. Ұйымдастыру кезеңі:Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу 
   Мұғалім сөзі: Әбу Насыр әл-Фараби –  ұлы ірі тұлға, энциклопедист ғалым,  данышпан, философ,  әдебиетші, ақын. Фарабидің толық аты-жөні Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Турки.
1. ат-Турки – шыққан тегі түркі дегенді білдіреді.
2. әл-Фараби – Фараб қаласынан шыққан деген сөз.
3-5. ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ –ұлы ғұламаның әкесінің аты – Мұхаммед, атасының аты – Тархан, бабасының аты – Ұзлақ.
6. Ұлы ғұламаның өз аты –Мұхаммед.
7. Әбу Насыр – Насырдың әкесі дегенді білдіреді. 
2.Слайд таныстыру 
3.«Детектив» Мәтінмен жұмыс 
4.Білім қуған жастар 
5.Құнды нәрсе
1.Тіршілікте төзімді болу
2. Тағдырынды жаздырмау.
3.Адал дос таңдау,
4.Шындыққа бас тігу.
5.Күнді зая өткізбеу .
6.Өмір өтіне қайыспай тұру
6.Жедел жауап 
1.Әбу Насыр әл - Фараби кім?
2.Әбу Насыр әл - Фараби өмірі жайлы әңгімеле.
3.Алғашқы білімін қай қалада, қандай тілде алады?
4.Әбу Насыр әл - Фараби замандастары:
5.Отырар қаласы жайлы не білесің?
6.Әбу Насыр әл - Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы:
7.Әбу Насыр әл - Фараби қай жылдары өмір сүрді?
8. Әл - Фарабидің толық аты - жөні
9.Отырар қаласын кезінде қалай атаған?
10. Әбу Насыр әл - Фараби қай тілдерді меңгерген?
11.Әбу Насыр әл - Фараби еңбектерін ата?
12. Қанша тіл білген?
13.Қандай адам болған ?
14.Білімін жетілдіру үшін қайда барды?                                                                                                                                                               
15.Әбу Насыр әл — Фараби бойындағы көп қасиеттері мен, дарындылығы ХІХ ғасыр-дағы біздің ұлы ақындарымыздан кімге ұқсайды?
7.Қорытынды сөзді Әл Фараби сөзімен аяқтадым.Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез- құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымына қолы жетпейді.



Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 05.03.2020 10:40
Құрылған күні: 05.03.2020 10:43

Текст